ГӨБЕКЛІТЕПЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ
Гөбеклітепе кешені 2019 жылы ашылды. Арада өткен 3 жыл ішінде кешен 1,3 миллион турист қабылдады. Түркия Мәдениет және туризм министрлігі ашқан виртуалды мұражай қосымшасында Гөбеклітепе шамамен 2 миллион адам көрген Түркияның ең танымал тарихи орнына айналды. Хетт, Лидия, Шумер және Майя сияқты Месопотамия өркениеттері Гөбеклітепеден мыңдаған жыл өткен соң пайда болды. 1983 жылы жер жыртып жүрген Махмұт Кылыч есімді азамат жерден қашалған тас тауып алады. Тапқан тасты тікелей мұражайға апарады, бұл қашалған тас мұражайда көрмеге қойыла бастайды.ГӨБЕКЛІТЕПЕ ҒИБАДАТХАНАСЫ СТОУНХЕНДЖДЕН 7000 ЖЫЛ ЖӘНЕ МЫСЫР ПИРАМИДАЛАРЫНАН 7500 ЖАС ҮЛКЕН
Гөбеклітепе ғибадатханасы – Түркияның Шанлыурфа қаласының орталығынан 18 км жерде, Өренжик ауылының маңында орналасқан әлемнің ең көне культтік ескерткіші. Бұл құнды ескерткіштер Мальтадағы ғибадатханадан шамамен 6500 жыл, Стоунхенджден 7000 жыл және ал Мысыр пирамидаларынан 7500 жас үлкен.ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ
Алғаш рет 1963 жылы Ыстамбұл университеті мен Чикаго университеті жүргізген «Оңтүстік-Шығыс Анадолыдағы тарихқа дейінгі зерттеулер» кезінде көзге түсті. Негізгі сенсациялық жаңалық 1994 жылы Гейдельберг университетінің ғалымы Клаус Шмидттің аймақта жүргізген қазба жұмысы кезінде ашылды. Гөбеклітепе осыдан 69 жыл бұрын 1963 жылы басталған Ыстамбұл және Чикаго университеттерінің «Оңтүстік-Шығыс Анадолы тарихнамасы» атты зерттеу жобасы аясында жүргізілген жоба кезінде археологтардың назарын аударды. Қазба жұмыстары ғылым докторы Халет Чамбел және профессор Роберт Джон Брейдвудтың басшылығымен жүргізілді. Зерттеулер кезінде қорғанның бетінен жиналған олжаларға сүйене отырып, Шанлыурфа аймағындағы Бирис қорымы мен Сөгут егіс даласында құнды артефактар бар екені анықталды. Гөбеклітепе аймағы туралы алғашқы ғылыми жұмыс деп есептелетін «Оңтүстік-Шығыс Анадолыдағы зерттеу жұмыстары» атты мақаланы Питер Бенедикт 1980 жылы жазды. Дегенмен де Гөбеклітепеге бүгінгі мәні мен мағынасын нақты берген зерттеулер 1994 жылы жүргізілді. Мұнда Невали Чори-Аурулар алқабының қазбаларын басқарған профессор Клаус Шмидттің еңбегі ересен. Dr. Харальд Гауптман, кейінірек Клаус Шмидт пен оның командасының қатысуымен үзіліссіз қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл зерттеу барысында алаңда шақпақ тастар, қалақ және тас кесектері, яғни адамдар жасаған еңбек құралдарының өте көп шоғырланғаны анықталды, алайда қыш ыдыстар сияқты басқа олжалар табылмады. Жүргізіліп жатқан зерттеулер барысында жиналған тас үйінділердің бірінен бұрын Невали Чориден белгілі осыған ұқсас обелискінің басы табылды. Клаус Шмидттің Невали Чори тәжірибесі мен екі олжадағы обелисктердің ұқсастығы Гөбеклітепенің монументалды сипаты мен археологиялық құндылығын түсінудегі ең маңызды мәліметтердің бірі болып табылады. Гөбеклітепе қазбалары 1995 жылы Клаус Шмидт басшылығымен Шанлыурфа мұражайының директоры Аднан Мысыр, Неміс археология институтының Ыстамбұл филиалының директоры Харальд Хауптман тарапынан Шанлыурфа мұражайы атынан жүргізілді. Түркияның Министрлер Кеңесі 2007 жылы арнайы қаулымен Dr. Клаус Шмидтті төраға етіп тағайындап, Гөбеклітепе алаңына қазба орны мәртебесін берді. Қазбаға орасан үлес қосқан Шмидт 2014 жылы қайтыс болды. 2011 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының уақытша тізіміне, ал 2018 жылы Тұрақты тізіміне енді.ГӨБЕКЛІТЕПЕДЕ НЕ ТАБЫЛДЫ?
Гөбеклітепені салушылар оны біздің дәуірімізге дейінгі 8000 ж дейін басқа мақсатта емес, тек ғибадат орталығы ретінде пайдаланған және оны осы уақыттан кейін тәрк еткен. Ол 12 000 жыл бойы табиғи ортада адам аяғы баспаған маңызды археологиялық олжа болып есептеледі. Мыңдаған адам күші мен таңғажайып қиялдың жұмысы Гөбеклітепе - әлемдегі ең көне ескерткіш әрі ең ауқымды ғибадатхана әрі тарихтың бастапқы нүктесі. Гөбеклітепе археологиялық кешенінің аумағы 12 футбол алаңына тең! Бұқа, қабан, түлкі, жылан, жабайы үйрек және лашын сияқты аң- құс, адам қолы, аяғы сияқты мотивтері бар биіктігі 4-6 метр, ал салмағы 2-40 тонналық көптеген тас обелиск табылған. Кейбір археологтардың пікірінше, бұл жануарлардың фигуралары ғибадатханаға келетін түрлі тайпалардың символдары деп есептеледі. Жәдігерлер арасында әсіресе Т –пішіндес тастар өте көп кездеседі. Олар қолдары ашық адамдарды бейнелейді деп саналады. Гөбеклітепенің елдімекен емес, культ орталығы, ғибадатхана болғаны туралы айтуға болады. Табылған тастарды егіншілік пен мал шаруашылығын әлі үйрене қоймаған аңшылардың соңғы топтары салып, бір месседж беруге тырысқан деген жорамал бар. Ескерткіштер қыштан бұрынғы неолит дәуірінде, яғни кем дегенде 12000 жыл бұрын пайда болады деп тұжырымдалады. Маңайында адам баласы тұратын баспана мүлдем табылмаған. Гөбеклітепе жылдар бойы тарих сабақтарында айтылып келе жатқан «Көшпелі қауымдар тек егіншілікті үйренгеннен кейін ғана отырықшы болды» деген тезисті жоққа шығарады. Бүгінге дейін отырықшы өмірге көшу, дағдылану тек егіншілік пен малшылықтан кейін пайда болды деп есептеліп келді. Ал бұл қазбадан аңшылықпен күнелтетін қауымдардың да Гөбеклітепе сияқты діни орталықтарда бас қосып, отырықшылық тұрмысқа көше бастағаны анықталды. Бұл тарихи жағынан алғанда үлкен сенсация болып саналады. Археология тарихындағы ең маңызды жаңалықтардың бірі болған Гөбеклітепені маңызды қылатын факторлардың бірі – 12 мың жыл бұрын әлі отырықшылыққа өте қоймаған аңшы қауымының ешбір құралды немесе техниканы пайдаланбай адам күшімен, шақпақ тастармен, аң –құс мүйіздері мен сүйектерімен кешенді тұрғызуы. Ол дәуірде арба және басқа да құрылыс материалдары болмағанын ескерсек, мұндай үлкен ескерткіштерді кім қалай тұрғызғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.ГӨБЕКЛІТЕПЕДЕ ҚАЗІР ҚАЗБА ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР МА?
Гөбеклітепеде әлі 15 монументалды храм және 200-ден астам обелиск бар екені анықталды. Ғалымдар кезінде үсті топырақпен көмілген Гөбеклітепенің толықтай ашылуына мүмкіндік беретін қазба жұмыстарының әлі шамамен 150 жыл жалғасатыны туралы айтуда. Қазба жұмыстары кезінде табылған обелисктер мен басқа да олжалар тарихқа деген көзқарасқа түбегейлі өзгеріс әкелді. Гөбеклітепе қазбалары Шанлыурфа мұражайы атынан Неміс археологиялық институтымен бірлесе отырып, Dr. Ли Клэр бастаған профессор Мехмет Оздоған және профессор Гүлриз Козбе тарапынан және Догуш және Шахенк холдингтерінің спонсорлығымен әлі де жалғасуда. Көрменің ашылу салтанатында Гөбеклітепе кешені табылған Шанлыурфа аймағының әуендерін қазақ өнерпаздар ұлттық аспаптармен орындайды. Ашылу рәсімінен кейін түрік асханасынан дәмдер ұсынылады. Түркия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатымен өтетін фото көрменің ашылу салтанаты 29 қыркүйекте сағат 15.00-те ҚР Ұлттық музейдің атриум қабатында болады.