Әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысының Ресеймен шекаралас аймағы жабылғаны туралы хабарлама тарады. Шекара қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Адамдар мен көліктер ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс бар. Ахуал ерекше бақылауда. Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады», – делінген ведомство таратқан хабарламада.