Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.Астана қаласында 27 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде минус 5 градус аязға дейін төмендейді.
Ақтөбе облысында батыстан, солүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 16 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысыңың батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с жетеді.