Алматыда Көлді ауылының маңынан 40 жастағы ер адамның денесі табылды
Алматыда Көлді ауылының маңынан 40 жастағы ер адамның денесі табылды
520
оқылды
Алматы облысында жол бойынан ер адамның денесі табылды.
«25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімін себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген полиция мәліметінде.
Ер адамның жасы 35-40 шамасында.
«Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.