"Каналдың басында тұрып жатырмыз" деп өтірік ақпарат таратқан келіншекке айыппұл салынды
"Каналдың басында тұрып жатырмыз" деп өтірік ақпарат таратқан келіншекке айыппұл салынды
Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, жас келіншекке айыппұл салды. Сондай-ақ, онымен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны TikTok-қа табиғат аясында демалып жатқан адамдардың видеосын жариялап: "Пәтерімізден қуып шықты, жалдау ақысын 500 мыңға көтеріп жіберді, біз қазір каналдың басында тұрып жатырмыз", - дегенді арғы жағынан айтады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері аттанды. Тексере келгенде, бұл ақпараттың жалған екені белгілі болды. Шындығында, ол отбасымен бірге өз үйінде тұрып жатыр және оларды ешкім қумаған. Жас келіншек мұны жәй әшейін әзіл деп ақталды.