Астаналықтар күн сайын қанша су пайдаланады? - Көлгіновтің жауабы
Астаналықтар күн сайын қанша су пайдаланады? - Көлгіновтің жауабы
717
оқылды
Астаналықтар күн сайын 300 000 текше метрден астам су тұтынады. Қала әкімі Алтай Көлгінов «Азаттық рухы» сайтына берген сұхбатында бұл көлемнің жеткіліксіз екенін, әсіресе жазғы маусымда су тапшылығы байқалатынын атап өтті. Алайда, әкімдік қол қуысырып отырған жоқ, нақты шараларды қолға алған.
– Екі жыл бұрын, 2020 жылы біз сорғы құрылысын жобалауды бастадық. Бұл дегеніміз үлкен сүзгі станциясы, су қоймаларынан келген суды тазартып, қаланы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Осы стансаның бірінші кезеңінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтаймыз, ал 2023 жылы ол толықтай іске қосылады. Станция ел астанасын қосымша 100 мың текше метр сумен қамтамасыз етеді. Яғни, қаланы ауыз сумен қамту көрсеткішін үштен біріне ұлғайтамыз. Бұл мәселені шешеді, бірақ біз жалпы жоспар бойынша 2030 жылға қарай 2 миллионнан астам адам осылай өмір сүретінін ескерсек, бұл станцияны аяқтай салысымен, төртінші станцияның құрылысын салу қажеттігін көрсетеді. Бұл бізді ұзақ мерзімді тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етеді, – деді елорда басшысы.
Ол тілшінің «Сусорғы станциясының құрылысы неге ертерек басталмады?» деген сауалына да жауап берді.
– Рас, станция құрылысы 5-7 жыл бұрын басталуы керек еді. Бірақ біз де 2020 жылы халық саны артып, жүктеменің өсе түсетінін көргенде қол қусырып отырған жоқпыз, – деді Алтай Көлгінов.