28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.kz
185
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Батыс пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыс аймақтың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қазақстанның қалған бөлігі антициклон жотасында болады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, батыста – найзағай, шаңды дауыл, солтүстікте – тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.