Республика күні: қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Республика күні: қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: yandex.kz
767
оқылды
Биыл 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі. Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күндерін ауыстыру туралы ұсыныс әзірледі. Демалыс күнін 2022 жылғы 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарда бар. Министрліктің мәліметінше, биыл «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жоспарланып отыр. 25 қазан сейсенбіге сәйкес келетін мемлекеттік мереке – Республика күні болады. Жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндерін ауыстыру жоспарланған. Құжат Ашық НҚА сайтында 12 қазанға дейін талқылау үшін жарияланды.

Биыл 16 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынған болатын.