Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
289
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Жетісу облысының солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман түседі. 29 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының орталығында, күндіз батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын болып, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Абай облысында да жаңбырдың соңы қарға ұласады. Павлодар облысыңың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Астанада түнде және таңертен тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында әлсіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде 29 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл 29 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі.