Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы қанша пайда тапқаны белгілі болды
Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы қанша пайда тапқаны белгілі болды
676
оқылды
Ұлттар лигасында футболдан Қазақстан құрамасы қанша пайда тапқаны белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл турнирге қатысқаны үшін Қазақстан С дивизионындағы басқа құрамалар сияқты 1,125 миллион еуро нақты сыйақы алды. Ал С дивизионында жеңіске жеткені үшін жоғары сома екі еселенді. Яғни, жалпы сыйақы 2,25 миллион болды. Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында бірінші орын алып, В тобына жолдама алды. Осылайша, біздің құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатына таласуға мүмкіндік алды.