Президент Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты
Президент Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты
227
оқылды
Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін салтанатты түрде ашты, – деп хабарлайды  БОРТ №1 Телеграм-арнасы.
Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.
Айта кетейік, Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев. Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді. Салтанатты рәсімнен кейін Президент Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезовпен және қос алыптың ұрпақтарымен суретке түсті.