Қайғылы оқиға 29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында орын алған.
Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 548 шақырым тұсында Ford Transit автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағытта келе жатқан екі көлікке соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Transit көлігінің 1967 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
5 адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді", – деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жетекшісі Мейірім Ердәулет.