

«Бүгінгі іс-шара маңызды. Өскелең ұрпақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру демократиялық қоғамның деңгейін айқындайтынын түсінуі тиіс. Ол үшін бүгінде жас ұрпаққа адалдық пен парасаттылық сияқты құндылықтарды сіңіру бойынша жұмысты қамтамасыз ету қажет» – деді ол.

«Мәдениет пен дәстүрлерді сақтау басым бағыт болуы тиіс. Тек жағымды тарихи мысалдар қоғамда мақтаныш пен патриотизм сияқты сезімдерді оятуға көмектеседі», – деп нақтылады ол.Іс-шара соңында студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бағыттары түсіндіріліп, жастарды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.