Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесу өткізді
Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесу өткізді
Қоғамның рөлін күшейту және өскелең ұрпақты алдын алу жұмыстарына тарту мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру, әділ және адал қоғам құрудағы басым негіздерінің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау алғышарттарын жоюға бағытталған іс-шаралар қаланды. Осы құжатқа сәйкес парасаттылық жүйесін қалыптастыруда Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу түбегейлі маңызды рөл атқарады. Іс-шараға қазақстандық театр және кино актері Е. Жолжақсынов, «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Д. Рахметулин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары И. Базилов, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Е. Нұғыманов қатысты. Сыбайлас жемқорлық Дәулеткерей Раметуллиннің айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін халықпен тұрақты негізде кездесулер өткізу қажет.
«Бүгінгі іс-шара маңызды. Өскелең ұрпақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру демократиялық қоғамның деңгейін айқындайтынын түсінуі тиіс. Ол үшін бүгінде жас ұрпаққа адалдық пен парасаттылық сияқты құндылықтарды сіңіру бойынша жұмысты қамтамасыз ету қажет» – деді ол.
Сыбайлас жемқорлық Өз кезегінде Ерік Жолжақсынов отбасы мен оқытушылардың рөлі әділ қоғамды қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
«Мәдениет пен дәстүрлерді сақтау басым бағыт болуы тиіс. Тек жағымды тарихи мысалдар қоғамда мақтаныш пен патриотизм сияқты сезімдерді оятуға көмектеседі», – деп нақтылады ол.
Іс-шара соңында студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бағыттары түсіндіріліп, жастарды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.