Қазақстан Интерполы вайнер Әзімжан Саидбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Интерполы вайнер Әзімжан Саидбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Интерпол Ұлттық орталық бюросы танымал вайнер Әзімжан Саидбаевтың Түркияда ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Poisia.kz.

"Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдік бойынша іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаевтың ұсталуы туралы шетелдік әріптестерден ресми ақпарат әлі түскен жоқ", - делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Әзімжан Саидбаевтың Түркияда ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған. Еске салайық, қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланған болатын.