«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін атланикалық циклонның ықпалында болады.Сондықтан еліміздің басым бөлігінде жауын, қар жауады. Қазақстанның батысында күндіз нөсер жауын жауады. Солтүстікте және орталықта қар жауады, тек шығыс аймақтарда ғана антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды.Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де тұман болады. Қарағанды облысында күндіз жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 м/с-ке жетеді.