Түркістанда ата-аналар баласының мектепте не ішіп-жегенін телефоннан көріп отырады
Түркістанда ата-аналар баласының мектепте не ішіп-жегенін телефоннан көріп отырады
1,048
оқылды
Түркістан қаласындағы мектептерде «Е-асхана» жүйесі іске қосылады. Пилоттық жобаға Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейі таңдап алынған. Мұнда ата-аналар балаларының мектепте қандай сусын немесе тағам тұтынғанын ұялы телефондағы қосымша арқылы көре алады.
«Жүйенің пайдасы көп екені көрініп-ақ тұр. Арнайы мамандар мектептерде құрылғыларды таныстырды. Енді түркістандық балалар цифрлық жүйеге үйренуі керек», - дейді Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.
«Е-асхана» жобасының менеджері Әлібек Қалдыбековтің айтуынша, ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң QR-код беріледі. Онда баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қоюға болады. Оқушы асханада сол QR-код арқылы төлем жасап, есептесе алады.