Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепіл төлеп босатылады
Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепіл төлеп босатылады
1,006
оқылды
Әнші Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепіл төлеп, қамаудан босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы облысы Кеген аудандық сотының қаулысымен қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдіктінің Төреғали Әлихановқа қатысты "Бұзақылық" 293-бабы 1-бөлігі бойынша 10 миллион теңге сомасына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл бұлтартпау шарасын қолдану тәртібі ҚК мен ҚІЖК-де нақты жазылған", - деп хабарлады Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі.