«Бүгінде біз ашық және жабық топырақта көкөніс өсіруді жоспарлап отырмыз. Жылыжай екі жыл бойы салынды. Бұл біздің жобаның алғашқы кезеңі болатын. Осыдан кейін көкөніс көлемін ұлғайтып жыл бойы өнім алуды жөн деп таптық. Барлық әзірлік жұмыстарынан кейін 20 гектар жерге сәбіз ектік. Арнайы көкөніс қоймасын салып, сору және суару жүйесі құрылғыларын да орнаттық»,– дейді ORGANICO шаруашылығының директоры Виталий Кореньков.Шаруашылықтың ең мықты жобасы сәбізді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылығы 2000 тонналық көкөніс қоймасы болды. Оған кәсіпорын шамамен 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Мұнымен қоса шаруашылық аграрлық несие корпорациясының көмегімен тамшылап және шашырата суару қондырғысы мен көкөніс жинау комбайнын да сатып алған. Көкөніс өсіруді қолған алған кәсіпорынның алдағы жоспары да мығым.
«Бізде қазір жоғары технологиямен құрастырылған Grimme, Kvernelan, ASA-LIFT комбайндары мен Gaugli тоңазытқыш қондырғылары бар. Тамшылап суарудың арқасында біз гектарынан 90-100 тоннаға дейін өнім алып отырмыз. Бұл қысы суық әрі жазы салқын солтүстік өңір үшін аса мол көрсеткіш. Жылыжай 0,3 гектар алқапқа орналасқан. Мұнда біз 150-170 тоннаға дейін қияр жинаймыз», – дейді ORGANICO кәсіпорнының директоры.Шаруашылық алдағы уақытта 200 гектардан 5 мыңға дейін көкөніс алуды жоспарлап отыр. Оған алғашқы қадам жасап та қойған. Келер жылы шаруа қосымша 25 гектарға картоп, дәл осындай алқапқа сәбіз екпек. Ал бұл Есіл ауданында тағы қосымша 25 жаңа жұмыс орны болмақ.
Ақмола облысы