«Қазгидрометтің» мәліметінше, төрт облыста аяз болады.
Ақтөбе облысының солтүстік, шығыс, орталық бөлігінде түнде 3 градус аяз күтіледі.
4-6 қазан түндері Жамбыл облысының таулы аймақтарында 2 градус аяз болады.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.
Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.