Астанада полицейлер қоғамдық көлікте ұрлық жасау үшін арнайы келген күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Polisia.kz-тің дерегінше, полицияға астана тұрғындары автобустың ішінде қымбат ұялы телефондары ұрланғаны туралы арызданған. Жедел іздестіру нәтижесінде күдіктілер ұсталды.
Олар бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 33, 32 және 30 жастағы үш ер адам екені белгілі болды. Ұсталған үш ұры елордаға Павлодардан келген. Қаскүнемдер Астанаға маршруттық автобустарда ұрлық жасау мақсатында келген.
Олар таңертең қоғамдық көлікте үш ұялы телефонды ұрлап, түстен кейін Астанадан кетпек болған.
https://youtu.be/gqwjxR8LQQY
Қалта ұрылары жолаушыларға лық толы автобустарға әдейі кiрiп, қалтадан ұялы телефондарын суырып алған. Ұрланған телефондар тәркіленді. Олардың 15 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.
Қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.