Көшедегі адамдарды пышақтаған күдіктіні полиция атып тастауға мәжбүр болған – Лондон
Көшедегі адамдарды пышақтаған күдіктіні полиция атып тастауға мәжбүр болған – Лондон
Фото: Интернеттен алынды
510
оқылды
Лондонның оңтүстігінде теракт болды, – деп жазады bbc.com-ға сілтеме жасаған 24.kz. Көшеде кетіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуылдаған ер адамды полиция қызметкерлері атып тастады. Оның қолынан екі адам зардап шеккен. Бірақ пышақ жарақатын алғандардың денсаулық жағдайы туралы дерек жоқ. Лондон полициясы оқиғаны теракті деп бағалап отыр.
«Стрэтем ауданында ер адамды қарулы полиция қызметкерлері атып тастады. Біз осы уақытта бірнеше адам пышақтан жарақат алды деген байлам жасап отырмыз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға террористік акт деп бағаланды» делінген полицияның Twitter-дегі ресми мәлімдемесінде. Ал куәгерлер әлеуметтік желіде 3 рет оқ атылғанын жазған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға болған маңда жергілікті тұрғындарға үйлерінен шықпау ескертілген.