Оқиға 3 қазан күні Исатай ауданындағы Жанбай ауылы маңында тіркелген.Каспий теңізінің 2-3 шақырымға дейін тасуы салдарынан, адамдар теңізге көлігімен қоса батып кеткен.
Жедел қолға алынған шаралар нәтижесінде, теңізден «Нива» автокөлігін мінген 1967 және 1943 жылы туған 2 азамат қауіпсіз жерге шығарылған.
"Құтқарылған екі азамат Исатай ауданының Аққыстау ауылына жеткізілді. Жағдайлары қанағаттанарлық, медициналық көмекті қажет етпеді", – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.
Құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері, Исатай аудандық полиция және шекара бекеті қызметкерлері мен арнайы техникалар жұмылдырылды.