Есірткі саудалаған Тараз қаласының тұрғыны 13 жылға сотталды
Есірткі саудалаған Тараз қаласының тұрғыны 13 жылға сотталды
© ҰҚК баспасөз қызметі
225
оқылды

ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті аймақтық есірткі  арнасы арқылы есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті.

Атап айтқанда, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді «гашиш» есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу пиғылы анықталды.

Өткен жылы 9 қазанда одан 2,3 кг гашиш тәркіленіп ұсталды.

2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен  Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 б. 3 т.  бойынша кінәлі деп танылды және оған 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.  Жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.