Түркістан облысында алтын ұрлаған әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды
Түркістан облысында алтын ұрлаған әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды
1,071
оқылды
Түркістан облысында зергерлік бұйымдар ұрланған сәт видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Басылым мәліметіне сүйенсек, жергілікті полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны хабарласқан. Алтын сатумен айналысатын келіншек екі жүзік ұрланғанын айтып шағымданған. Келтірілген залал сомасы 120 мың теңгені құраған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, оның жеке тұлғасын анықтады. Айта кету керек, күдіктінің алтын жүзікті ұрлаған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оның облыс орталығында тұратыны да анықталған. Күдікті базарға сатып алушы ретінде келген. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүзіктер иесіне қайтарылды. https://www.youtube.com/watch?time_continue=7&v=ZE8V78JW7ys&feature=emb_title