Жазда атамның ауылына емделуге барамын...
Жазда атамның ауылына емделуге барамын...
582
оқылды
Денсаулық сақтау саласын дамытуға құйылған мемлекеттік және жеке инвестициялардың басым көпшілігі қаланың, соның 20 пайызы жалғыз елорданың еншісіне түсіпті! Халқымыздың 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Елде бірде-бір дәрігері жоқ ауыл көп. Тұрғындары сырқаттанса, жан азабына төзуге мәжбүр, әйтпесе қалаға қатынаса жол азабына және қаржы шығынына қатар тап болады. Әділетті Қазақстанда бұл әділетсіздік жойылуы тиіс. Президент бастамасымен тек ауылға арналған ұлттық жоба қолға алынады. Ірі 32 денсаулық ордасы пайда болады Бағдарлама «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы деп аталады. Ол даяр. Оны бекітетін Үкімет қаулысының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бірақ ірі бастаманы жүзеге асыруға дайындықпен кірісу қажет. Сондықтан Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, ұлттық жобаның іс-шаралары алдағы 2023 жылдың 1 қаңтарында басталады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақ­сартуға баса назар аударылатынын жариялады. Осы орайда келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырды. Бұл құжат ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған. Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінде еліміздегі 650 ірі ауылда емдеу мекемесі жоқ екенін еске салды. Сондықтан алдағы 2 жылда бұл ауылдарда фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер (ФАБ) салынып, қажетті құрал-жаб­дық­пен қамтылады. Осы арқылы мем­лекет бір миллионнан астам адамның медициналық-сани­тар­лық алғашқы көмек алуына мүмкіндік жасайды. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай модернизацияланып, ауданара­лық көп бейінді мекемеге айна­лады. Онда инсульттен емдеу ор­талықтары, хирургия, жансақ­тау және оңалту бөлімдері ашы­лады. Бұл 4 миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Сонымен қатар біраз жыл бұрын қолға алынғанымен, қағаз жүзін­де қалған телемедицина бағыты дамытылады. Сол арқылы шал­ғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады. Бұл көпбейінді ауданаралық ауруханалар (КАА) желісін дамы­ту үшін қолданыстағы 12 аудан­аралық аурухана жаңғыртылады, қалған 20-сы жаңадан салынады. Аты айтып тұрғандай, бұлардың әрқайсысы бірнеше ауданға қыз­мет көрсетеді. Қазақстанда аудан­дардың жалпы саны 180-нен аса­ды. Яғни, жаңа 32 ауданаралық ау­рухананың шарапаты күн нұ­рын­дай, осы ауданның бәріне тарауы тиіс.
«32 орталық көпбейінді за­манауи ауруханалар инфаркт, инсульт, жол апаты, жарақаттану және басқа жағдайларда «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, шұғыл медициналық жәрдем көр­сете алады. Бұдан бөлек, олар ма­мандандырылған және жоғары технологиялы медициналық кө­мекті ұсынады. Нәтижесінде, ауыл-аудан тұрғындарына ірі қа­лаларға ағылу қажет болмай қа­ла­ды», – деп хабарлады ми­нистрлік. Осы ауруханаларда ин­сульт орта­лықтары, кардиология, жансақтау, оңалту бөлімдері ашы­лады. Олар­ды КТ, МРТ, УДЗ, өк­пені жасанды желдету және өзге аппараттармен жабдықтау жос­парланған.
Әр ауылда төл медпункті ашылады Сонымен, енді халқы көшіп, жойылу қарсаңында тұрғандарын қоспағанда, әрбір ауылдың өз дәрігері болады. Денсаулық сақтау министр­лігінің дерегінше, жаңа ұлттық жоба аясында мемлекет 50-ден 500-ге дейін тұрғыны бар ауылдық елді мекендерде медициналық пункт (МП) ашады. Олардың бәрі 1 қабатты ғимарат болады. Бір медпункт 25 келушіге дейін қа­былдай алады. Министрлік олар­дың әрқайсысының ішінде не болатынын егжей-тегжейлі айтып берді. Нақтыласақ, медпунктте дәріхана және ақпараттық үстелі бар вестибюль (ауданы кемінде 10 шаршы метр), орта медициналық персоналдың кабинеті (кемінде 12 ш.м.), акушерлік қабылдау бөл­месі (кемінде 18 ш.м.), емдеу бөл­месі (кемінде 12 ш.м.), вакци­на­ция бөлмесі (кемінде 8 ш.м.), дезинфекциялау құралдарын да­йындауға және сақтауға арналған бөлме (кемінде 4 ш.м), тұрмыстық орын-жайлар, қойма (11 ш.м.), қол жуғышы бар дәретхана (ең кемі 3 ш.м.) қарастырылуы тиіс. Ал 1 500-5 000 адам тұратын үл­кен ауылдарда, кенттерде фельд­шерлік-акушерлік бөлім (ФАБ) және дәрігерлік амбула­тория (ДА) қарастырылуы керек. Олар да 1 қабатты ғимарат болады. Өткізу қабілеті бір ауысымда 25 келушіге дейін қабылдай алады. Дәрігерлік амбулаторияның құ­рылымы ФАБ пен МП-ға қара­ғанда күрделірек: ішінде вести­бюль (кемінде 10 ш.м.), келуші­лер­ге арналған гардероб (8 ш.м.), менеджер кабинеті (кемінде 10 ш.м.), медициналық және дәрі­герге дейінгі қабылдау кабинеттері (2-еу, әрқайсысы 12 шаршы метр­ден), оқшаулағыш (8 ш.м.), емдеу бөлмесі (12 ш.м.) орналасады. Бұдан бөлек, онда қос бөлме­ден тұратын вакцинация кабинеті, картотекаға арналған бөлме, физиотерапиялық емдеу кабинеті, күндізгі стационар, қақырық жи­нау бөлмесі, туберкулезге қар­сы препараттарды қабылдау бөлмесі, мұрағат, медқалдықтарды уақыт­ша сақтауға арналған бөлме, қой­малар, қызметкерлер мен нау­қас­тарға арналған жеке дәретханалар, стерилизация бөлмесі және қыз­меткерлерге арналған жеке бөлме болады. Бұлардың әрқайсысының ауданының минимумы нақты бекітіледі. Егер осы жобалар іске асса, ауыл медицинасы жаңаша түле­гелі тұр. Мұндай стандарттар бұ­рын-соңды болған емес. МП, ФАБ, ДА ғимараттарында осы тізімде аталған барлық бөлме болуы, олардың ауданы сәйкес келуі, қажетті жабдықтармен толық жабдықталуы шарт. Дәрігерлік амбулатория (ДА) бірнеше ауылға қызмет көрсетеді. Сырқаттар қалаға сабылмауы үшін амбулаторияның холында дәріхана ашу жүктеледі. ДА айна­ласын абаттандырып, демалыс аймақтарын, шағын паркті жасақ­тау, жаяу жүргіншілер және кіре­беріс жолдармен, автотұрақтармен жабдықтау қарастырылмақ. Нә­ти­жесінде, бұл жоба ұлттың сау­лығын арттырып қана қоймай, ауылдықтардың әлеуметтік көңіл күйін, рухын көтеруге септеседі. Қазақ ауылы қамқорлыққа лайық Finprom мониторинг агент­тігінің дерегінше, 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында елі­мізде денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер саласына 105,9 млрд теңге инвестиция құйылыпты. Бұл былтырғыдан 6,5 пайызға көп. Салыстыра кетсек, 2021 жыл­ғы ұқсас кезеңде тартылған инвестиция көлемі 99,5 млрд тең­гені құраған. Пандемияға дейінгі 2019 жылы ұқсас мерзімде бұл көрсеткіш 66,5 млрд теңге бо­лыпты. Өңірлер арасында Астана ешкімге дес бермеді: инвес­ти­ция­лардың 21 миллиардын немесе 19,9%-ын бір өзі қанжығалады. [caption id="attachment_220832" align="alignright" width="1558"]медицина © коллаж: Әсел Балтақызы[/caption] Көшбасшылардың үштігіне Жамбыл облысы (11,3 млрд) және ШҚО (11,3 млрд) кірді. Осы үшеуі қаржының жалпы көлемінің жар­тысына жуығын иеленді. Са­ладағы ең аз инвестиция Атырау (шамамен 300 млн теңге), Ұлытау (400), Қызылорда (1 млрд) облыс­тарына тиесілі. Қалай болғанда, ауылдар инвестиция тасқынынан қалыс қалды. Бірақ бұл олқылықты жаңа ұлттық жоба түзейді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, тұтастай алғанда, ауыл медици­насын жаңғыртуға алдын ала есеп­темелер бойынша жалпы со­масы 217,6 миллиард теңге қа­жет болады. Бұл сома алда өсуі ық­тимал. Соның ішінде меди­циналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуге, МП, ФАБ, ДА салуға – 126,5 млрд теңге, 32 көп бейінді ауданаралық аурухананы ұйымдастыруға 91,1 млрд теңге талап етіледі. Ұлттық жобада ауылға дәрі­герлерді, медициналық персонал­ды тарту мәселесі де қамтылған. Мысалы, мемлекеттік грантқа оқыған жас дәрігерлер белгілі бір мерзім ауылда жұмыс істеуге мін­деттелмек. Министрлік жүр­гіз­­ген талдау көрсеткендей, Қа­зақ­стандағы 61 медициналық кол­ледж­де 2022 жылдан 2024 жыл ара­лығында жалпы саны 16 570 мед­бике және 17 585 фельдшер даяр­ланып шығады. Бұл «ауыл­дар­да салынатын емханаларды орта медициналық персоналмен қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді». Ал еліміздің медициналық университеттері жыл сайын 2 200-ден астам жалпы тәжірибе дәрі­герін дайындайды. Мұның сыртында 32 зама­науи ауданаралық аурухананың қосымша кадр ресурстарына деген қажеттілігі (олардың он екісінде қазір дәрігерлер жұмыс істеуде) 816 маманды құрайды. Оның 548-і – дәрігер, 268-і – орта медициналық қызметкер. Осы ауданаралық ауруханалар үшін отандық 7 медициналық университет неврология, ангио­хирургия, нейрохирургия, радио­логия, кардиохирургия, оторино­ларингология сияқты 16 бейінді мамандықтың маманын даярлап береді. Әрбір университетке жа­қын облыстар бекітіледі. Оларды бітіріп шыққан жас кадрларды баспанамен қамту, әлеуметтік жағдай жасау облыс басшыларына жүктеледі деп күтілуде. Жалпы, 2022-2024 жылдары универ­ситеттер аталған бейінді маман­дықтар бойынша 2 843 маман дайындап шығады. Қорыта айтқанда, егер «Ауыл­дық денсаулық сақтауды жаң­ғырту» ұлттық жобасында көз­делген іс-шаралар толыққанды жүзеге асса, ауыл медицинасы бұрын ешқашан болмаған дә­режеде дамуы мүмкін. Онда басы ауырып, буыны сырқыраған ауылдықтардың қалаға шабылуы өткеннің көрінісіне, ескінің қын­жылысына айналуы кәдік. Сон­дай-ақ іргелес жатқан мемле­кеттердің тұрғындары біздің ауыл­дарға ем іздеп ағылып, жер­гілікті медициналық туризм буыр­қана дамуы да ғажап емес.