Төтенше оқиға 4 қазанда жергілікті уақытпен сағат 17:20 шамасында Атырау облысы Мақат ауданында тіркелген.
Мақат теміржол станциясында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті.
Зардап шеккендер жоқ.
«Оқиға тармақталған (бөлек) желіде болды және басқа теміржол вагондарының қозғалысына әсер етпеді. Аталған жағдай туралы мемлекеттік органдарға хабардар етілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде» делінген Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметте.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА