Ресейлік ерлі-зайыпты Қазақстаннан шығарылды
Ресейлік ерлі-зайыпты Қазақстаннан шығарылды
Фото: gov.kz
540
оқылды
Қос азаматтығы бар ресейлік ерлі-зайыпты Қазақстаннан шығарылды, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті. Оқиға Алматы халықаралық әуежайында болған. Құзырлы орган қызметкерлері Ресейден келген 71 және 69 жастағы ерлі-зайыптының қос азаматтығы барын анықтады. Олардың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы 2-бөлігі («Шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
"Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен заңды бұзған ерлі-зайыпты елден шығарылып, 5 жыл Қазақстанға кіру құқығынан айырылды", – деді Көліктегі ПД басшысының бірінші орынбасары, полковник Мадияр Айтуғанов.
Айта кетейік, жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 986 адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 38 адамның қос азаматтығы бары анықталған. Сондай-ақ сот қаулысымен 155 шетелдік елден шығарылды.