Ұлыбритания заңы қауіпсіздікке қатер төндіреді – Financial Times
Ұлыбритания заңы қауіпсіздікке қатер төндіреді – Financial Times
Сурет iteach.vspu.ru сайтынан алынды
697
оқылды

WhatsApp басшысы Уилл Кэткарттың пікірінше, хабар алмасудың шифрлануын бұзу қырғи-қабақ елдерге қолайлы болуы мүмкін.

Financial Times басылымы Уилл Кэткарттың жауласқан мемлекеттер арасында кибершабуылдардың көбейгенін ескерткенін, оның «қауіпсіздікті әлсірету – өте нашар идея» деген мәлімдемесін келтірген. Уилл Кэткарт бұл пікірін Ұлыбритания үкіметі ұсынған Интернеттегі қауіпсіздік туралы заң жобасына қатысты айтқан. WhatsApp басшысы Ұлыбритания министрлеріне заң жобасындағы шифрлауға қарсы нормалар үкіметтік коммуникациялардың қорғанысын әлсірететінін және авторитарлық режимдерге ыңғайлы екенін көрсеткен. Financial Times газетіне берген сұхбатында Уилл Кэткарт 2 миллиардтан астам пайдаланушыны қорғайтын негізгі қауіпсіздік технологиясынан бас тартпауға шақырады. WhatsApp-ты пайдаланатын балаларды қорғаудың балама әдістері бар екенін айтқан. Ұлыбритания үкіметі Интернетті қауіпсіз етеді деп ұсынған заң жобасы Google, Meta және Twitter сияқты компанияларды «өз желісіндегі адам санасына кері әсер ететін контентті жылдам анықтап, жоюға мәжбүрлеу керек пе?» деген пікірталас тудырған. Технологиялық компаниялар қоғамға зиянды материалдарды іздеу үшін шифрланған хабарламаларды сканерлеу техникалық тұрғыдан мүмкін емес дейді. Хабарламаларды сканерлеу үшін шифрларды алып тастаса, онда бүкіл желінің қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Арнайы органдар емес, платформа операторлары да кез келген пайдаланушының хабарламаларын оқи алатын болады. Кэткарт Ұлыбританияның бұл мәселедегі позициясы барша әлемге таралуы мүмкіндігін айтқан. Оның ойынша, Ұлыбритания үкіметі шифрлау қажет емес деп шешсе, әлемнің басқа елдері де осы жолды таңдауы анық. «Либералды демократиясы осал қоғамда адам құқығының бұзылуына түрткі болады» деген Кэткарт Гонконгты мысалға келтірді. [caption id="attachment_220983" align="aligncenter" width="1220"]Код Сурет 3dnews.ru сайтынан алынды[/caption] WhatsApp арқылы жолданатын хабарламалар шифрланған күйде жіберіледі. Оны жіберуші мен қабылдаушы екеуі ғана көре алады. Ал, Ұлыбританияның ішкі істер министрлігі технологиялық компанияларды шифрлаудан бас тартуға шақырған. Олардың уәждеріне сәйкес, интернеттегі балалар құқығын қорғау үшін осындай қадамға бару қажет екен. Ағылшын басылымы технологиялық компаниялар осы уақытқа дейін хабарламаларды шифрлау жеке құпиялылықты сақтау мен интернеттегі қауіпсіздікті сақтау үшін керектігін дәлелдеп келетінін жазады.