Жигули Дайрабаев ірі мөлшерде алаяқтық жасап, үйқамаққа алынды делінген ұлдарына қатысты пікір білдірді
Жигули Дайрабаев ірі мөлшерде алаяқтық жасап, үйқамаққа алынды делінген ұлдарына қатысты пікір  білдірді
1,443
оқылды
5 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды. 1. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; 2. Ж.М. Дайрабаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері. Сонымен қатар Дайрабаев балалары тергеуге алынды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Ұлдарым кішкентай емес, олардың өз өмірі бар. Оларды қамап қойды деген секілді сөздер шындыққа жанаспайды. Бір ұлым егінмен, екінші ұлым құлпынай өсірумен айналысады. Біз құқық қорғау органдары мен соттың жұмысына араласа алмаймыз. Бәрін уақыт көрсетеді”, – деп мәлімдеді Дайрабаев.

Бұған дейін президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың екі ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарағанын жазған болатынбыз.