6 қазанға арналған ауа райы болжамы
6 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.kz
662
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа райына солтүстік антициклон әсер етеді. Сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Елдің батыс, шығыс аймақтарында, оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады. Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғады, күші 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +17+19°С болады. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні – -2-7 м/с. Ауа температурасы түнде – +7+9°С, күндіз +19+21°С болады. Шымкент қаласында да көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Шығыстан жел соғады, күші – - 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде – +6+8°С, күндіз +21+23°С болады.