«Көзі қызарған» – мектептің медбикесі сабақ үстінде көз жұмған оқушыға қатысты тың мәліметтер айтты  

«Көзі қызарған» – мектептің медбикесі сабақ үстінде көз жұмған оқушыға қатысты тың мәліметтер айтты  
Фото: Видеодан скриншот

Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Жедел жәрдем шақырғанымен, баланы аман алып қала алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

AstanaTV-ның мәліметінше, мектеп басшылығы баланың бұрыннан науқас екенін, арнайы есепте тұрғанын айтады. Бірінші ауысымда оқитын 15 жастағы Даниял өзге балалармен бірге сабақ басталғанша дәлізде жүрген. Кейін қоңырау соғылып, сыныпқа кірген. Барлығы өз орындарына жайғасып, сабаққа дайындалып жатқан кезде жеткіншек ес-түссіз құлап түскен.

Орал қалалық №10 мектептің мұғалімі Нұргүл Таңатарова: «Жедел жәрдем шақырттық, дәрігер шақырттық. Ата-анасына хабарластық, дәрі іше ме деп, мамасы қазір келемін деп айтты. Медбике келгенше қасында болдық. Алғашқы жәрдем көрсетті. Сосын дәрігерлер келген соң бізді шығарып жіберді», – дейді.

Мамандар 40 минуттай ем-дом жасаған. Бірақ баланы ажалдан құтқарып қала алмады.

Орал қалалық №10 мектептің медбикесі Нұргүл Байғанатова: «Оқушы бізге 20-мектептен биыл қыркүйекте ауысып келді. Дәрігердің есебінде тұратын бала. «Паралич РВ» деген диагнозбен есепте тұрады. Ата-анасы жазда қаратқан, емін алған. Біз барынша алғашқы көмек көрсеттік. Көзінің қарашығын қарадым. Көзі қызарған, жасанды тыныс алдырып, жедел жәрдем келгенше сондай көмек көрсеттік», – дейді.

Мектептегілер Даниялдың сабақты жақсы оқығанын, үлгілі оқушы болғанын айтып отыр.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.