Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулікте 60 адамнан коронавирус анықталды. Екі науқас қайтыс болды. Бір күнде пневмонияға шалдыққан 4 адам тіркелді.
Осы уақытта індеттен өңірлерде 1 129 адам, оның ішінде коронавирустан – 997 (КВИ+), пневмониядан 132 (КВИ-) науқас емделіп жатыр. 119 пациент стационарда жатса, 1 010-ы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 4 адамның жағдайы ауыр,
– 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 1 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.