Саяси реформаның төрт топтамасын жүзеге асырдық – ️ Мемлекет басшысы
Саяси реформаның төрт топтамасын жүзеге асырдық – ️ Мемлекет басшысы
Фото: dknews.kz
185
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Мемлекет басшысы сөз сөйледі. «Мен еліміздің саяси, әлеуметтік, құқықтық және басқа да маңызды жүйелерін түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жүргіздім. Бұл реформалар халықтың тұрмысын түзеуге, әр адамның құқығын толық қорғауға, демократиялық үдерістерді жедел жүргізуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, барлығы тек халық үшін жасалып жатыр. Сондай-ақ мемлекеттілігімізді нығайтуға арналды. Жалпы, көп жұмыс атқарылды деп айтуға болады. Бірақ бұл – күрделі жолдың басы ғана. Сондықтан біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алып, әділ қоғам құруға кірістік. Саяси реформаның төрт топтамасын жүзеге асырдық», – деді Мемлекет басшысы.