Павлодар облысында қызын алты жыл бойы зорлаған әкеге үкім шықты

Павлодар облысында қызын алты жыл бойы зорлаған әкеге үкім шықты
Сотталушы жәбірленушінің әкесі бола тұра 6 жыл бойы баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Павлодар ауданының тұрғыны кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық көрсету арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

"Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, венерологиялық ауру жұқтырған. Сот шешімімен айыпталушыға 25 жыл мерзімге жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің ең қауіпсіз мекемесінде өтеу, химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады", - деп жазылған хабарламада.
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.