Жаңа саяси модельдің көрінісі – Жұлдыз Сүлейменова
Жаңа саяси модельдің көрінісі – Жұлдыз Сүлейменова
294
оқылды
– «AMANAT» партиясы Президенттің ха­лықтың әл-ауқатын көтеру, жұмыспен қамту, жастарға сапалы білім беру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және тағы басқа қоғамдағы өткір мәселелерді ескере отырып, әртүрлі өзгерістерге бастайтын іс-шаралар атқарды. Әрбір бастауыш ұйым­дары, партия мүшелері әлеуметтік сауалнамаға негізделген талап-тілектерін жолдады. Бұл ұсыныстар партияның бүгінгі Саяси тұ­ғыр­­намасында көрініс тапты. Саяси партиялар Мемлекет бас­шы­сының бүгінгі жүзеге асып жатқан және алдағы уақытта іске асатын әлеуметтік, экономикалық, саяси тұғырмасымен келісетін болса, онда бірнеше партия бірігіп, саяси коалиция құрып, ортақ үміткер ұсына аламыз. Бұл – әлемдік тәжірибе, жаңа саяси модельдің көрінісі.