Ақкөл мешітіне барды
Ақкөл мешітіне барды
712
оқылды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданына жасаған сапары барысында Ақкөл мешітіне бас сұқты. Көне мешіт Семей шаһары­нан 30 шақырым жерде орналас­қан. Оны 1905-1907 жылдары татар көпесі Сұлтан қажы Фазыл­беков салдырған. Мешіт сібір-татар стилінде салынған. Башқұрт сәулетшілері тұр­ғыз­ған мешітті «Ағаш сәулет өнері­нің ескерт­кіші» деуге негіз бар. Тарихи нысанның ең басты ерекшелігі – оның бір шеге қақпай тұрғызылуы. Қара­ғайдан және басқа да бағалы ағаштардан қиып, мешіт үйінің шегесіз салынуы көп адамды таңыр­қататыны анық. Іргетасы қызыл кірпіштен он шақты қатар етіп қаланған. Мешіт былтыр жергілікті халықтың ұйымдасуы мен кәсіп­кер­лердің демеушілігі арқасында қайта жөндеуден өтті.