Бюджет қаржысына салынып жатқан көпқабатты 12 үйдің құрылысы тоқтатылды
Бюджет қаржысына салынып жатқан көпқабатты 12 үйдің құрылысы тоқтатылды
Фото: Интернетттен алынды
297
оқылды
Атырауда 12 көпқабатты үй салу жұмысы тоқтатылды, – деп жазады «Қазақпарат». Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Атырау облыстық департаментіне қарасты басқармасының бастығы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, ревизиялық комиссия 12 көппәтерлі тұрғын үй құрылысына жұмсалатын бюджет қаржысының пайдаланылуына аудиторлық тексеріс  жүргізген.
Басқарма бастығы Жәнібек Қаражанов: «Барлығы 50 млрд теңгеден астам қаржыға аудит жүргізілді. 7,3 млрд теңге бойынша заңбұзушылықтар анықталды», – деді.
Тексеру нәтижесінде, 12 бюджеттік тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары бойынша өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Сондықтан құрылысты тоқтатуға, ал бюджет қаржысын қайтаруға тура келді.