Алматылықтарды 50 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Алматылықтарды 50 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
1,576
оқылды
Полицейлер Алматы тұрғындарын алдады деген күдікпен жас жігітті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz. 1996 жылы туған азамат А.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті салынған ақшаны өсіммен қайтарып беруге уәде беріп, түрлі бизнес жобаларына инвесторларды тартып отырған. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын мөлшері 50 миллион теңгені құрады.
"Жедел іс-шаралар жүргізілді - күдікті ұсталды. Тергеу барысында оның осыған ұқсас бірнеше эпизодтарға қатысы бар екені анықталды: 2019 жылдан бері азамат бизнеске ақша саламын деген желеумен жергілікті тұрғындардың ақшасын жымқырған. Қазір зардап шеккендердің нақты саны анықталуда, кейбірі әлі полицияға арызданбаған", - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақов.