«Қазгидрометтің» мәліметінше, солтүстік, батыстың ауа райына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етеді.
Соның әсерінен солтүстік-батыс пен оңтүстік-батыста найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады.
Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.