«Таңға дейін ұрып-соғып, 8 миллион теңге талап еткен» – Маңғыстауда ақша бопсалаған бір топ адам ұсталды (видео)
«Таңға дейін ұрып-соғып, 8 миллион теңге талап еткен» – Маңғыстауда ақша бопсалаған бір топ адам ұсталды (видео)
Фото: lada.kz
3,439
оқылды
Маңғыстауда бір топ ер адам қару қолданып, ақша бопсалаған, – деп жазды Lada.kz. Маңғыстау облысы Экстремизмге қарсы күрес департаменті қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп ақша бопсалаған бір топ адамды ұстады. Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер қару қолданып, қомақты ақша бопсалаумен айналысқан.
«Ақтауда төрт адам жәбірленушіні жалдамалы пәтерге апарып, ұрып-соққан. 8 миллион теңге талап еткен. Қол-аяғын байлап, таңға дейін азаптаған. Таяқ, пышақ, тапанша қолданып, зәбір көрсетіп камераға түсірген. Оқиға 13 қыркүйекте сағат 23.30-да болған», – делінген ресми мәліметте.
Қазір  күдіктілер ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған төрт адам өзге діни ағымды ұстанатыны белгілі болды.   https://youtu.be/fUJo7WdhCqk Бұған дейін кәсіпкерді көшеде пышақтап өлтіргендер туралы жазған болатынбыз.