Алматы облысында саяжайдан әкесі мен үш ұлының мәйіті табылды
Алматы облысында саяжайдан әкесі мен үш ұлының мәйіті табылды
Фото: septik27.ru
770
оқылды
Оқиға Алматы облысы Іле ауданы Жомарт саяжайында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бір отбасының төрт адамы газға уланып, көз жұмған.
«1970 жылғы үй иесі мен оның үш ұлы ұйықтап жатып газға уланған. Барлығы түнде қайтыс болған.  Бұл уақытта марқұмның әйелі үйде болмаған. Түнгі ауысымда жұмыс істеп, таңертең үйіне оралғанда күйеуі мен балаларының денесін тапқан», – деді ТЖД-нің өкілі.
Ер адам үйіндегі газдың пешіне 25 литрлік газ баллонды өзі қосқаны белгілі болды. Бұған дейін Алматыда бір отбасы газға уланғаны туралы жазған болатынбыз.