Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының экс-бірінші орынбасары мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталды
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының экс-бірінші орынбасары мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталды
480
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтады.
«2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.Шайхутдиновты ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ қылмыстық іске қатысы бар Леонид Скаковскийдің (ҚК-нің 175-бабы 1-бөлігі “мемлекетке опасыздық жасау”) және Олег Жданның (ҚК-нің 176-бабы  “тыңшылық”) кінәсі толық дәлелденді. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды»,- делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  хабарламасында.
Арнайы іс-шаралар кешенінің басқа да кезеңдерін іске асыруды ескере отырып, шетелдік арнаулы қызметтердің қай елге тиесілі екені және қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер жария етуге жатпайды. Еске салайық, биыл наурызда қызметінен босатылған Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновке тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияны жариялады деген айып тағылған еді.