Стратегиялық нысандардың құрылысы туралы Алтай Көлгінов айтып берді
Стратегиялық нысандардың құрылысы туралы Алтай Көлгінов айтып берді
371
оқылды
Қаланың қарқынды дамуы мен халықтың өсуін ескере отырып, Астанада үш газ жылу стансасының, ЖЭО-3, сорғы-сүзгі стансасының (ССС-3) және т.б. құрылысы жүргізіліп жатыр,– деп  Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында стратегиялық объектілердің құрылысы туралы Алтай Көлгінов айтып берді.
"Мысалы, 2019 жылдың басында елордада 1 млн 30 мыңнан астам адам тұрды. Биыл – 1 млн 330 мыңнан астам адам. 3-4 жыл ішінде халық саны 300 мың адамға өсті. Бұл санды облыс орталықтарындағы адам санымен салыстыруға болады. Инженерлік инфрақұрылымды құру қажет: су, жарық, жылу. Өздеріңіз білетіндей, ЖЭО-3 – ұзақмерзімді, 10 жылдан астам уақыт бойы салынып келеді. Мердігерге хабарлама жіберіліп, ол құрылыс қарқынын арттырды. Бірақ ЖЭО-3-тің де қуаты жеткіліксіз болады. Сондықтан үш газ жылу стансасының құрылысы басталды. Олардың әрқайсысының қуаты ЖЭО-3-тің қуатынан асып түседі. Газ жылу стансалары келесі жылдан бастап кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Сонымен қатар  біз Наурыз, Жұлдыз, Арай және т.б. электр қосалқы стансаларын жобалауды және реконструкциялауды жүргізудеміз", – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
құрылыс Сумен жабдықтау мәселесін жүйелі шешу үшін өткен жылы елордада сорғы-сүзгі стансасының құрылысы басталды. ССС-3 қазіргі қуатын арттырып қана қоймай, болашақ құрылыс аудандарын ауызсумен қамтамасыз етеді. Бүгінде қала тәулігіне 300 мың текше метр су тұтынады. Жаңа ССС-ның қуаты – тәулігіне 100 мың текше метрден астам су. ССС-3 жұмысы ішінара осы жылдың соңына дейін іске қосылады, тәулігіне 35 мың текше метр су. 2023 жылдан бастап қуаттылығы тәулігіне 100 мың текше метрден астам суды құрайды. құрылыс Сонымен қатар  қаланы газдандыру жұмыстары жалғасуда. Алматы және Сарыарқа аудандары газға қосылу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілген. Қалған аудандар – Байқоңыр және Есілде магистральды  газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр (2023 жылы кварталішілік желілер).