Қазақстан Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемнің тынышсыз аймақтарындағы қауіп-қатерлер жайында баяндалды. Сонымен қатар Президент Бас барлау басқармасы бөлімдерінің заманауи үлгідегі әскери құрал-жабдықтарымен және техникаларымен танысты.