СҚО-да елге есірткі алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды
СҚО-да елге есірткі алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды
356
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар елге есірткі алып өтпек болған Ресей азаматын ұстады. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 қазан күні Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан «Қарақоға» автомобиль өткізу пунктінде болған. Шекаралық бақылау бөлімшесінің шекара наряды жолаушылардың жүктерін тексерген. Ресей азаматы рұқсат етілмеген затты күртешесінің ішкі қалтасына жасырып, мемлекеттік шекарадан өтпекші екен. Алайда жолы болмады. Қызметтік ит иісті алып, ер адамнан жасыл түсті белгісіз зат алынды. Сараптама белгісіз заттың салмағы шамамен 100 грамм болатын «гашиш» есірткісі екенін көрсетті. Қазір шетелдікке қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды. Бұған дейін Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы Сергей Ильиных есірткі сақтағаны үшін жасөспірімдерге қатысты 5 қылмыстық істің тіркелгенін айтқан еді.