Қоғамдық ұйымдар Президент кандидатураcын қолдады
Қоғамдық ұйымдар Президент кандидатураcын қолдады
453
оқылды
Халықтық коалиция форумы барысында республикалық қо­ғамдық бірлестіктердің жетек­шілері алдағы Президент сай­лауында Қасым-Жомарт Тоқаев­тың кандидатурасын қолдады.
Qazaqstan Team республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің же­текшісі Олжас Сүлейменов: «Біздің ұйым Қасым-Жомарт Тоқаевтың кан­дидатурасын ұсынды және басқа ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеп, мемлекеттің дамуына және көзделген реформаларды іске асыруға бірге үлес қоса аламыз деп үміттенеміз», – деп атап өтті.
Мәжілістегі «AMANAT» партия­сының депутаты, «Ұлттық волонтер­лер желісі» ЗТБ төрағасы Вера Кимнің пікірінше, форум қатысушыларды жаңа жетістіктерге жетуге қанат­тандырды.
«Қасым-Жомарт Тоқаевты қол­дай­тын нағыз халықтық коалиция құ­рыл­ды және біз оның бір бөлігіміз. Оны біз ғана емес, көптеген коммер­ция­лық емес ұйымдар, саяси пар­тия­лар қолдады. Жігер жаныдық. Алда ау­қым­ды жұмыс күтіп тұр», – деді депутат.
«Генералдар кеңесі» РҚБ төралқа мүшесі Тұрсын Айжұлов болса, Қасым-Жомарт Тоқаевтың прези­дент­тікке ұсынылуы ел дамуына жаңа серпін береді деп есептейді.
«Әділетті Қазақстанды сөз жүзінде емес, іс жүзінде құра алатынымызға сенімдімін. Бұл жұмыс қарқынды, тиімді әрі ұтымды атқарылады деп үміттенеміз», – деді генерал-майор.
Қазақстанның Азаматтық Альян­сының президенті Бану Нұрғазиева да Мемлекет басшысының канди­датурасын қолдайтынын жеткізді.
«Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның кандидатурасын қолдайтын және оны президенттікке ұсынған бар­лық қоғамдық бірлестің – ха­лық­тық коалицияның форумы. Біз ел Пре­зидентін ғана емес, тұрақты­лық­ты, бірлікті, Қазақстанның жар­қын болашағын таңдаймыз!», – деді ол.
Ал Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев еліміздің спортшылары сай­лауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға дайын екенін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коали­цияның форумы өтті. Форум жұ­мы­сына «AMANAT», «Ақ жол», Қа­зақ­станның Халық партиясы сынды сая­си партиялардың және 30-дан ас­там республикалық қоғамдық ұйым­ның екі мыңнан астам өкілі қатысты.