Қорғаныс министрлігі үндеу жасады
Қорғаныс министрлігі үндеу жасады
781
оқылды
 8-15 қазан аралығында Қазақстандағы оқу-жаттығуға келген Ресей және Беларусь Республикаларының әскери эшелондары өз елдеріне қайтады, – деп Қорғаныс министрлігі үндеу жасады.
«Аталған оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін, 8-15 қазан аралығында Қазақстан аумағы бойынша әскери эшелондар тұрақты орналасқан пунктеріне қайтады. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингенттері еліміздің аумағы бойынша «Қазақстан темір жолы« ҰК» АҚ-мен бұрын келісілген эшелондар қозғалысының кестесі бойынша екі бағытта: оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай қозғалады. Бұдан басқа, Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері ел аумағы бойынша теміржол көлігімен және әскери техникамен өтеді. Осыған байланысты азаматтардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарға назар аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз» делінген министрлік мәліметінде.