Қырым көпіріндегі жарылыстан үш адам көз жұмды
Қырым көпіріндегі жарылыстан үш адам көз жұмды
296
оқылды
Қырым көпірінде жарылған жүк көлігінің жанынан өтіп бара жатқан жеңіл көліктің жолаушылары қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің тергеу комитетіне сілтеме жасап.
Ер адам мен әйелдің денесі судан шығарылды. Сондай-ақ, құжаттар бойынша Қырым көпірінде жарылған жүк көлігінің иесі Краснодар өлкесінің тұрғыны екені анықталды.
Бүгін Мәскеу уақытымен сағат 06:07-де (Астана уақыты бойынша 09:07. - еск.) Қырым көпірінің автомобиль бөлігінде жүк көлігі жарылып, салдарынан Қырым түбегі бағытында жүретін пойыздың 7 жанармай багы тұтанған. Көпірдің екі көлік жүретін жол аралығы ішінара опырылды. Көпірдің кеме жүретін бөлігіндегі аркаға зақым келгенін хабарлаған болатынбыз.