Алматыда бір топ адам полиция подполковнигін соққыға жықты
Алматыда бір топ адам полиция подполковнигін соққыға жықты
Фото: nur.kz
2,390
оқылды
Полицейді соққыға жыққаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Алматы қаласында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 қазанда, түнгі сағат 00.30 шамасында «Панорама» мейрамханасының жанында болған. Белгісіз бір топ адам Алматы қаласының Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі, полиция подполковнигі Р.Өтегеновті соққыға жыққан. Полицей миы шайқалған. «Жабық бассүйек – мидың жарақаты» диагнозымен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ көптеген гематома бар. Сүйектері сынған.
«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», – деді Полиция департаментінің өкілі.
Бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынғандарды азаптаған полицейлер араша сұрағанын жазған болатынбыз.